Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 110/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18122 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2025 жылғы № 94/нс Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2025 жылғы № 94/нс Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2025 жылғы № 94/нс Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары
Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2025 жылғы № 94/нс Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) тұрғын үй комиссиялары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. ҰҚО тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – Тұрғын үй комиссиясы) ҰҚО мемлекеттік мекемелері жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға уәкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
7. Тұрғын үй комиссиясының төрағасы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болып табылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері үшін – мекеменің бірінші басшысының орынбасары).
9. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы мемлекеттік мекеменің Тұрғын үй комиссиясы отырысының материалдарын әзірлеуді қамтамасыз ететін бөлімшесінің қызметкерлері немесе әскери қызметшілерінің қатарынан тағайындалады.
10. Тұрғын үй комиссияның негізгі міндеттері ҰҚО кадрлық құрамына мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, тұрғын үйді жекешелендіру немесе алмастыру, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау мен ақшалай өтемақы тағайындау туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.
1) ҰҚО қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің (бұдан әрі – үміткерлер) және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үйге мұқтаж деп тану, мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің баласындағы тұрғын үйді жекешелендіруге немесе ауыстыру туралы өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету;
2) қызметкерлер мен әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау мен ақшалай өтемақы тағайындау туралы өтініштерін уақытында қарауды қамтамасыз ету;
12. Тұрғын үй комиссиясы отырысты қажеттілік бойынша өткізеді, бірақ айына бір реттен жиі емес.
12-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2025 жылғы № 94/нс Бұйрығымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері Тұрғын үй комиссиясының шешімінде көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.
14. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) еркін түрде жүргізеді. Хаттамаға Тұрғын үй комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
15. Тұрғын үй комиссиясының дауыс беру құқығы бар мүшелері өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша баяндап және оны хаттамаға қоса бере алады, ол туралы хаттамаға белгі қойылады.
19. Ақпараттық жүйе үміткерлердің деректерін есепке алуға, сақтауға, өңдеуге және талдауға арналған және тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратты орталықтандырылған жинауды, жүйелендіруді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидалар 4-тараумен толықтырылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.10.2025 жылғы № 94/нс Бұйрығына сәйкес (өзгерту 31.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Ақпараттық жүйенің жұмысы ақпараттандыру және дербес деректер мен оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3) деректерді өңдеу – қызметкерлер, әскери қызметшілер және жұмыскерлерден келіп түскен деректерді автоматтандырылған түрде тексеру, сұрыптау және құрылымдау;
5) орталықтандырылған жинау – ұсынылған құжаттарда көрсетілген деректерді бірыңғай құрылымды жиынына орталықтандырылған қабылдауды және біріктіруді қамтамасыз ету;
6) ақпаратты жүйелендіру – келіп түскен деректерді анықтау белгілері (санаты, мәртебесі, мерзімі, кезектілігі) бойынша реттеу және жіктеу, кейіннен өңдеуге және талдауға дайындау.