Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18079 болып тіркелді
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 19.12.2023 жылғы № 441-НҚ Бұйрығына сәйкес (13.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 жылғы № 453-НҚ Бұйрығына сәйкес (27.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығы (бұдан әрі – МҒМО) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізеді.
3. Тізілімді жүргізу өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы объектілерді, жұмыстарға қатысушыларды және құжаттарды (бұдан әрі – объектілер) тіркеуді есепке алуды ұйымдастыру үшін жүзеге асырылады.