Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
«Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 929 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 07.10.2020 жылғы № 643 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында:
«3. Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 6), 8) – 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектілері беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері немесе уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен жолданады.
Заңның 3-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингінің субъектісі беретін ақпарат уәкілетті органға «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қазақстандық банкаралық есептеулер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының телекоммуникациялар желілері, уәкілетті органның веб-порталы арқылы ХМL форматында электрондық тәсілмен немесе қағаз жеткізгіште жолданады.
Қаржы мониторингінің субъектісі ақпаратты осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделмеген тәсілмен берген жағдайда уәкілетті орган бұл ақпаратты қарамай қайтарады. Бағдарламалық қамтамасыз етуде уәкілетті орган растаған техникалық қателердің туындау себебі бойынша Заңның 10-бабының 2-тармағында және 13-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзімдер бұзылған жағдайда, егер қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат техникалық қателер жойылғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданса, бұл мәліметтер мен ақпарат белгіленген мерзімде жолданды деп есептеледі.
Электрондық тәсілмен ұсынылатын ақпараттың XML форматын уәкілетті орган бекітеді.»;
«8. Ақпараттың қабылданбағаны туралы хабарлама алған жағдайда қаржы мониторингінің субъектісі жиырма төрт сағат ішінде (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) хабарламада көрсетілген ақпаратты қабылдаудан бас тартудың себептерін жою жөнінде шаралар қабылдайды және түзетілген ақпаратты уәкілетті органға жолдайды.»;
«9. Бұрын ұсынылған және уәкілетті орган қабылдаған ақпаратқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда қаржы мониторингінің субъектісі ауыстыруға жататын ақпарат анықталған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға бұрын ұсынылған ақпараттың орнына ақпарат жібереді.
Жаңа ақпаратты уәкілетті органның қабылдағаны (қабылдамағаны) туралы хабарлама қаржы мониторингінің субъектілеріне осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес жіберіледі.»;
қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны):
реттік нөмірі 1.4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жасалған (операцияның аяқталған уақыты)
3. Жасалмаған – шешім қабылдау үшін».;
Полная версия
ИС BestProfi