1. «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толыктырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18381 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
екінші бөлігі үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» баптары (жол коды 017);»;
үшінші бөлігінде:
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлер мен басқа да есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» баптары (жол коды 218);»;
он тоғызыншы абзац алынып тасталсын:
«24. ШҚЕ-2 «Қаржылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп» нысанының баптарын шоғырландыру кірістер мен шығыстардың ұқсас баптарын жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:
«Айырбас емес операциялардан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 010);
«Ағымдағы қызметтi қаржыландыру» баптары (жол коды 011) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ағымдағы қызметті қаржыландыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен алынған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің кіріс сомасы алынып тастауға жатады;
«Күрделi салымдарды қаржыландыру» баптары (жол коды 012) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде күрделі салымдарды қаржыландыруға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен алынған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің кіріс сомасы алынып тастауға жатады;
«Қарыздар түсімдерінен түсетін кірістер» баптары (013-жол коды) шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджеттік орындау жөніндегі уәкілетті орган сыртқы қарыздарды алудан түскен табыс сомасын алынып тастауға жатады;
«Трансферттер бойынша кірістер» баптары (жол коды 014);
«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер» баптары (жол коды 015);
«Субсидиялар» баптары (жол коды 016);
Полная версия

