«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020
«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 наурызда № 18398 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы»;
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
«денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
«111. Осы Қағидаларға 49-қосымшаға сәйкес нақты келтірілген шығыстар үшін ақы төленуі тиіс жағдайлардың тізбесі бойынша операциялар үшін ақы төлеу шығыстардың мынадай баптары: жалақы, әлеуметтік салық, міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған аударым, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, тамақтану, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар (бұдан әрі - МБ), медициналық көрсетілетін қызметтер мен коммуналдық шығыстар бойынша нақты шығыстар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық шығыстарды есептеу бір пациентке қайта есептегенде алдыңғы айда қызметтер берушінің коммуналдық және басқа шығыстарына арналған нақты шығындар бойынша жүзеге асырылады.
Нақты келтірілген шығыстар үшін ақы төлеу кезінде дәрілік заттар мен МБ-ға Денсаулық туралы кодекстің 7-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін шекті бағалардан аспайтын олардың нақты (сатып алу) құны бойынша ақы төленеді, қызметтер беруші көрсетілген құнға арналған растаушы құжаттарды ұсына отырып, ақпараттық жүйелерге дәрілік заттар мен МБ-ның нақты (сатып алу) құнын енгізеді.»;
«2) Денсаулық туралы Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 20) және 68) тармақшаларына сәйкес уәкілетті орган белгілейтін шекті бағалардан аспайтын нақты (сатып алу) құны бойынша ақы төленетін дәрілік заттарды мен МБ-ның құнын қосу арқылы жүзеге асырылады.»;
«116. Осы Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес қосымша шығыстарға ақы төлеп, клиникалық-шығынды топтардың құны бойынша ақы төленуі тиіс жағдайлардың тізбесі бойынша тәуліктік стационар жағдайында жүктілік пен босанудың асқынған ағымы үшін ақы төлеу дәрілік заттар мен МБ-ға арналған қосымша шығыстарға ақ төлеп, негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ құны бойынша өңірлендіру қағидаттарын ескере отырып, жүзеге асырылады.
117. Осы Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес қосымша шығыстарға ақы төлеп, клиникалық-шығынды топтардың құны бойынша ақы төленуі тиіс жағдайлардың тізбесі бойынша тәуліктік стационар жағдайында жаңа туған нәрестелердің ауыр аурулары үшін ақы төлеу дәрілік заттар мен МБ-ға арналған қосымша шығыстарға ақы төлеп, негізгі диагноздың немесе операцияның КШТ құны бойынша жүзеге асырылады.
118. Қор тәуліктік стационар жағдайында жүргізілетін терапияның тиімсіздігі мен осы Қағидалардың талаптарына кірмейтін дәрілік заттар мен МБ-ны өмірлік көрсетілімдері бойынша науқасқа негізді ұсыну жағдайында емделіп шыққан жағдай үшін қосымша шығындардың деректеріне ақы төлейді және осы Қағидалардың 30-тармағымен көзделген тәртіппен стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу шартын орындау хаттамасында көрсетеді.
Қосымша шығындарға ақы төлеу осы жағдайдың сапасы мен көлемін мониторингтеуді аяқтаған күннен бастап 1 (бір) айдан кешіктірмей:
Полная версия

