«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі құрылсын (бұдан әрі – Кеңсе).
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп Кеңсені орналастыру, оны материалдық-техникалық және көлікпен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының президенттік өкілеттіктері тоқтатылғаннан сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 884 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің миссиясын, негізгі міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін, жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі (бұдан әрі – Кеңсе) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Кеңсе өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңсе мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Кеңсенің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы белгілейді.
Полная версия