Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2020
«Ұшуды пайдалану саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 сәуірде № 18462 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 220 Бұйрығына сәйкес 
1. «Ұшуды пайдалану саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12826 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамға қарауға жіберу, отыз минут ішінде;
2) лауазымды көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
3) құрылымдық бөлімше басшысының жауапты орындаушыны анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
4) жауапты орындаушының құжаттарды қарауы;
ұсынылған құжаттарды толықтығына, үш жұмыс күні ішінде;
ұсынылған құжаттарда мәліметтердің анықтығына, оларды тапсырған сәттен бастап жиырма жұмыс күні;
құжаттар сәйкес болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыға сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешімді жібереді;
құжаттардың Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкессіздіктері анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға анықталған сәйкессіздіктерді жою мүмкіндігі беріледі, бұл ретте жою мерзімі оларды анықталған сәттен бастап он жұмыс күніне белгіленеді;
құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздемелері болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді;
құжаттардың сәйкессіздіктері жойылған жағдайда, оларды жою туралы хабарлама алған сәттен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешімді жібереді;
Полная версия
ИС BestProfi