«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6), 94 тармақшаларына, 25-бабының 3-тармағына, 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020
«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 18494 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
«1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 25-бабының 3-тармағына сәйкес және оларды сатып алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.»;
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағымдағы мониторинг – ақпараттық жүйелерде және (немесе) денсаулық субъектісіне бару арқылы тұрақты негізде жүргізілетін ағымдағы есепті кезеңдегі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемін бағалаудан тұратын сапа мен көлемге мониторинг жүргізу түрі;
2) амбулаториялық - емханалық көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – АЕК КШН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) нысандарында амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК КШН) – АЕК КШН кепілдік берілген компонентінен КШН және КШН ынталандырушы компонентінен тұратын МСАК субъектісіне «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген, бекітілген бір адамға шаққандағы амбулаториялық-емханалық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
4) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне: аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және БХТ-да тіркелген халыққа көрсетілетін қызметтердің кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдық денсаулық сақтау субъектісі;
5) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттері есепке алынған, ауыл халқына қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
6) ауыл халқына қызметтерді көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компонентінен және КЖШНЫК тұратын БХТ-да тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегенде көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
7) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
8) базалық мөлшерлеме – өлшем бірлігі үшін алынған көрсетілетін қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
9) бір онкологиялық науқасқа шаққандағы кешенді тариф – Денсаулық туралы кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен, лимфоидты және қан өндіру тінінің қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастарға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, «Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «ОНЭТ» АЖ) тіркелген бір онкологиялық науқасқа есептегендегі медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
10) бірлесіп орындаушы – дерекқорға қосылған медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
11) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру субъектісі (бұдан әрі – АС) – денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру аясында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
12) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Полная версия

