"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 сәуірде № 18495 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-170/2020 Бұйрығына сәйкес
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақы төлеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақы төлеу акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ақы төлеу неонатологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға орташа есептік құны бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ақы төлеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ақы төлеу онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға оңалту көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ақы төлеу онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды емдеу үшін медициналық-экономикалық тарифтер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ақы төлеу онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар және көпбейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері үшін лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар науқастарды қоспағанда, онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген айына бір онкологиялық науқасқа жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ақы төлеу қан компоненттеріне зерттеулер жүргізуге және тіндерді иммунологиялық типтеу саласындағы қызметтер (HLA-зерттеулер), қан қызметіндегі референс-зерттеулер, плаценталық қаннан гемопоэздік дің жасушаларын бөлу және донорлық қан компомоненттерін өндіру бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес ақы төлеу жылжымалы медициналық кешендер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес ақы төлеу Психикалық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес ақы төлеу Наркологиялық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық кызметтерге кешенді тариф;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес ақы төлеу АИТВ жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф;
Полная версия

