Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18556 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, республикалық маңынызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер» кіші сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер»;
07 «Астана қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылсын:
«07 Нұр-Сұлтан қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» кіші функциясында:
мынадай мазмұндағы 123 бюджеттік кіші бағдарламасымен 001 бюджеттік бағдарламасы бар 108 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:
«108 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі
001 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
мынадай мазмұндағы 100 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 008 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«008 Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
Полная версия
ИС BestProfi