Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Рұқсаттар және хабарламалар туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы
= red >Осы редакция 24.07.2019 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) біліктілік талаптары – өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;
3) екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жатқызылған мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға;
4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші – екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;
5) лицензияланатын қызмет түрі – айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);
6) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
7) лицензиар – осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға;
9) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі – бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;
10) лицензиялау – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені;
11) лицензияның иеліктен шығарылатындығы – басқа жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімдерін жүргізбей, оған лицензияны қайта ресімдеу мүмкіндігі;
12) жарамды рұқсат – берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат;
13) өтініш беруші – лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;
Полная версия
ИС BestProfi