Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығы
Редакция 18.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже бекітілсін (1-қосымша).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп екі ай ішінде осы Жарлықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізілсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 12 ақпандағы
№ 838 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік Кеңесін Төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі болғандықтан ол Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.
3. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
2. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері мен функциялары
4. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері:
1) Президентке елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, осы салалардағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
Полная версия
ИС BestProfi