Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2023
«Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18659 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 24 ақпаннан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 16.02.2023 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағына 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91840 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы»;
«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде, мемлекеттік және орыс тілдерінде бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 13 мамырдағы
№ ҚР ДСМ-72 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 423 бұйрығына
қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

Ұсынылатын норма

Симуляциялық орталық

Симуляциялық кабинет

1

Жүрек-өкпе реанимациясын орындауға арналған манекен

дана

2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

2

Оқу дефибрилляторы

дана

2 (орталыққа)

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

3

Инъекциялар дағдыларын орындауға арналған тренажер (ересек / балалар)

дана

2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

4

Қуық катетеризациясына арналған тренажер (ерлер / әйелдер / балалар)

дана

1 (6-7 адамнан тұратын топқа)

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

5

Өкпе мен жүректің аускультациясына арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

6

Тораптарды байлауға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

7

Коникотомия және трахеотомияға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

8

Қан тоқтауға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

9

Көзді зерттеуге арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

10

Құлақ ауруларын диагностикалауға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

11

Сүт безі моделі

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

4 2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

12

Балалар басына инъекциялар жасау тренажеры

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

13

Омыртқа және бел пункциясына арналған симулятор (ересек / бала)

дана

1-2 (орталыққа)

-

14

Жатыр мойнын зерттеу тренажеры

дана

1-2 (орталыққа)

-

15

Зондты тамақтандыруға арналған манекен/фантом

дана

1-2 (орталыққа)

1 (кабинетке)

16

Асқазан түтігі (ересек/балалар)

дана

1-2 (орталыққа)

1 (кабинетке)

17

Күтім жасау дағдыларына арналған сәби үлгісі

дана

-

3 (8-12 адамнан тұратын топқа)

18

Ауру адамға күтім жасауға оқытуға арналған манекен

дана

-

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

19

Спирограф

дана

1 (орталыққа)

1 (кабинетке)

20

Шала туған сәбилерге арналған кювез

дана

-

1 (кабинетке)

21

Шала туған сәбидің моделі

дана

-

2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

22

Тік ішекті зерттеуге арналған моделі

дана

1 (орталыққа)

1 (кабинетке)

23

Жаңа туған нәрестеге интубация жасауға арналған әмбебап үлгі

дана

1 (орталыққа)

1 (кабинетке)

24

Бала крикотиреотомиясын жасауға арналған тренажері

дана

1 (орталыққа)

-

25

Эзофагогастродуоденоскопия оқытуға арналған тренажер

дана

1-2 (орталыққа)

-

26

Бронхоскопия жүргізуге оқытуға арналған тренажері

дана

1-2 (орталыққа)

-

27

Пациенттің кардиологиялық тренажері

дана

1 (орталыққа)

-

28

Көзді зерттеуге арналған симулятор

дана

1 (орталыққа)

-

29

Эпидуралық инъекцияға арналған симулятор

дана

2 (орталыққа)

-

30

Босанатын әйел симуляторы

дана

2 (орталыққа)

-

31

Простата пальпациясына арналған симулятор

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

Ескерту: шығындау материалдары - қажеттілігіне қарай   Симуляциялық орталық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады. Симуляциялық кабинет – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады. 
Полная версия
ИС BestProfi