Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020
«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.
  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 205 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19062 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11447 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 19 шілдедегі
​ № 205 бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
1 қосымша
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: www.egov.kz, www.elіcense.kz «Электрондық үкімет» веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету формасы: электрондық (толық автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18473 болып тіркелген «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 01 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген фильмге прокаттау куәлігі, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Полная версия
ИС BestProfi