Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 549 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19114 болып тіркелді
Редакция 22.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы «____» _____________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы «____» _____________
 Қазақстан Республикасы
 Индустрия және инфрақұрылымдық
 даму министрінің
2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 549 бұйрығымен
 бекітілген
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14764 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларында:
13-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы тұрғын үйді Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сатып алған кезде – 20 млн. теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;»;
2. «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 35 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14765 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемерін субсидиялау қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Полная версия
ИС BestProfi