Близость слов: Окончание:





Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19242 болып тіркелді
Редакция 29.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2020 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (13.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.05.2022 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі 
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2019 жылғы 13 тамыздағы
 № 73 бұйрығымен
 бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) және «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыруды, сондай-ақ «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару», «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру» және «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға немесе таратуға келісім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2020 жылғы № 53 Бұйрығына сәйкес (13.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.05.2022 жылғы № 40 Бұйрығына сәйкес (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 16.05.2022 жылғы № 40 Бұйрығымен (31.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 30.09.2024 жылғы № 81 Бұйрығына сәйкес (07.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне қосу және одан шығару тәртібін;
3) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдар жасауына келісім беру, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны қабылдау тәртібін;
Полная версия
ИС BestProfi