Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.07.2026
«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 23 тамыздағы № 24 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 тамызда № 19300 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 4 шілдеден бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 18.06.2026 жылғы № 208-НҚ Бұйрығына сәйкес   
«Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған биржалық тауарлардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген биржалық тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және
интеграция министрінің
2019 жылғы 23 тамыздағы
 № 24 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген

Топ

Тауар

Тауарлардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауарларды жеткізу партиясының ең төмен мөлшері, ол тең болған немесе одан асып кеткен кезде, оларды өткізу тауар биржасы арқылы ғана жүзеге асырылады

Тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын тауардың ең төменгі үлесі және аталған міндет қолданылатын субъектілердің санаттары

1

2

3

4

5

6

7

1

Энергия тасығыштар

Көмір

Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері*

2701

60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)


 

Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит

немесе қоңыр көмір*

2702

60 тонна (көмір өндіруші компаниялар көмірді коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін сату кезінде)


 

2

Ауыл шаруашылығы өнімдері

Бидай және меслин

Бидай және меслин

1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0

600 тонна


 

Қант

Қант

1701

60 тонна


 

Арпа

Арпа

1003 10 000 0,

1003 90 000 0

600 тонна


 


 


 

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған соя бұршақтары

1201

60 тонна


 


 


 

Балғын немесе тоңазытылған картоп


 

0701

60 тонна


 


 


 

Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшыраған мақта талшығы


 

5203 00 000 0

600 тонна


 

3

Минералды өнімдер

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер


 

2523

60 тонна


 

* – көрсетілген тізбе көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылмайды
Полная версия
ИС BestProfi