Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелері туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылатын кәсіпорын мүлкін «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамының орналастырылған акциялар төлеуіне беруді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережесінде:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірі 34-жол алынып тасталсын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1063 «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысының екінші тармағы мынадай редакцияда жазлысын:
«2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы:
1) білім және ғылым саласындағы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
2) білім және ғылымды дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және жобаларды іске асыру;
3) Болон процесінің қағидаларын іске асыруға қатысу, білім беру құжаттарын тану және нострификациялауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы шеңберіндегі аналитикалық қолдау;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру құралдарын қолдауға қатысу;
6) білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту болып айқындалсын.».
1) «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 405 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 221-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  
31 тамыздағы № 1110 Қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 975-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі әзірледі.
Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 23-ө бұйрығымен бекітілген Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың штат санын және шығыстарын оңтайландыру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау мақсатында «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобаны іске асыру қаржылық шығындарды және оның қаржылық қамтамасыз етілуін талап етпейді.
Аталған жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе заңды салдарға әкеп соқтырмайды.
Жобаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын оңтайландыру болып табылады.
Бұрын жобада қарастырылған мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкімет актілері қабылданбады.
Жоба қабылданған жағдайда заңнаманы енгізіліп жатқан жобаға сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобасы халықаралық шарт болып табылмайды, сондықтан кейіннен ратификациялау қажеттілігі жоқ.
Мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22-П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға қатысты материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру рұқсат етіледі.
Жоба edu.gov.kz – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында ( ), сондай-ақ legalacts.egov.kz – ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында ( ) жарияланған.
Қаулы жобасы бойынша баспасөз хабарламасы edu.gov.kz – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында жарияланған.
Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келуі талап етілмейді.
Қаулы жобасының қолданысқа енгізілуі жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын қамтымайды.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

№ р/с

Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакциясы

Ұсынылатын редакция

Негіздемесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» қаулысы

1.

көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережесінде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде

34 «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде

алынып тасталсын

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешімдер қабылдайды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1063 «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы

2.

2-тармақ

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні білім беруді дамыту мәселелері бойынша зерттеулерді орындау және өзекті жобаларды іске асыру, білім беру саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау болып анықталсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы:

1) білім және ғылым саласындағы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

2) білім және ғылымды дамыту мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және жобаларды іске асыру;

3) Болон процесінің қағидаларын іске асыруға қатысу, білім беру құжаттарын тану және нострификациялауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы шеңберіндегі аналитикалық қолдау;

5) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру құралдарын қолдауға қатысу;

6) білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту болып айқындалсын.

«Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК таратылуына және оның қызметтерін «» АҚ берілуіне байланысты

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым вице-министрі Р. Биғари
Полная версия
ИС BestProfi