Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2023 жылғы № 1158 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2023 жылғы № 1158 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Гуманитарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2023 жылғы № 1158 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.10.2020 жылғы № 641 Қаулысымен (08.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2020 жылғы № 935 Қаулысымен (02.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.12.2021 жылғы № 869 Қаулысына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2023 жылғы № 1158 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидаларда бүкіл мәтін бойынша бүкіл мәтін бойынша «ізгілік» деген сөз «гуманитарлық» деген сөзбен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 20.12.2023 жылғы № 1158 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ізгiлiк көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 34-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
1) Қазақстан Республикасы көрсететін гуманитарлық көмек – басқа мемлекеттердің аумағында табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды, төтенше экологиялық жағдай мен экологиялық зілзаланы жою мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге көрсететін өтеусіз көмегі;
2) Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмек – халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, өзге де мүлік түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;
3) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.09.2025 жылғы № 766 Қаулысына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органының немесе жергілікті атқарушы органның қарамағындағы, тиісті салада қызметін жүзеге асыратын ұйым;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2024 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (20.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.06.2024 жылдан бастап)
6) Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi – Комиссия) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
8) гуманитарлық көмек көрсетуге арналған персонал (бұдан әрі – персонал) – тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті беру үшін шет мемлекетке жіберілетін тиісті орталық мемлекеттік органның өкілі немесе өкілдері.
3. Гуманитарлық көмек ақша немесе тауар нысанында және (немесе) қызметтер түрінде көрсетіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қызметтер көрсету түріндегі гуманитарлық көмек азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберу арқылы жүзеге асырылады.
4. Гуманитарлық көмек қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.12.2023 жылғы № 1158 Қаулысына сәйкес (21.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберетін тауарлардың жарамдылық мерзімі, егер бұл мерзімдер техникалық реттеу регламенттерінде белгіленген жағдайда, сақтау мерзімі өткенге дейін 6 (алты) айдан аз болмауға тиіс.
5. гуманитарлық көмек көрсету туралы мәселені қарау үшін шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өтініштері не Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары негіздер болып табылады.
1) гуманитарлық көмек көрсету туралы өтініш түскен жағдайда, өтініш туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне және (немесе) Комиссияның төрағасына үш жұмыс күні ішінде жібереді;
2) гуманитарлық көмек алушыдан осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген негіздер туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті деректемелерді сұратады.
9. гуманитарлық көмек көрсетуге болатыны, сондай-ақ оның түрі, номенклатурасы және көлемі туралы ұсыныстарды сыртқы саясат қызметі саласындағы, бюджеттi атқару жөнiндегi, азаматтық қорғау саласындағы, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы, көлік саласындағы уәкілетті органдар және басқа да мүдделі органдар Комиссия отырысы өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның жұмыс органына ұсынады.
10. Қазақстан Республикасы Президентінің гуманитарлық көмек көрсету туралы өтінішін не тапсырмасын қарастырған кезде Комиссия Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды қоса алғанда, осындай көмек көрсетудің қаржылық мүмкіндіктерін, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету үшін азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың персоналын, құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберу мүмкіндігін ескереді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның оң ұсынымы болған кезде тиісті орталық мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімінің жобасын әзірлейді және оны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
1) сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
дипломатиялық арналар арқылы гуманитарлық көмекті алушының билік органдарына, ал қажет болған жағдайда – үшінші мемлекеттердің билік органдарына гуманитарлық көмекті алушыға жеткізу және беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдарға құтқарушы және медициналық құралымдарды жіберу мен қайтаруға жәрдем көрсетеді;
2) көлік саласындағы уәкілетті орган әуе көлігімен жеткізуді қоспағанда, гуманитарлық көмекті алушыға дейін тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті жеткізуді қамтамасыз етеді.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тауар нысандағы гуманитарлық көмек әуе көлігімен жеткізілген жағдайда гуманитарлық көмекті алушыға дейін жеткізуді тиісті орталық мемлекеттік орган заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Әуе көлігімен тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті жеткізуді және (немесе) азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуді және қайтаруды үйлестіруді көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты кедендік әкімшілендіру мен кедендік бақылауды бірінші кезектегі тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етеді;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2024 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (20.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.06.2024 жылдан бастап)
4) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен гуманитарлық көмек көрсету шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды қамтамасыз етеді.
14. гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Резервтерді пайдалану қағидалары) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен мынадай:
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті әуе көлігімен жеткізу қызметін сатып алған;
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысымен (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдары жіберілген жағдайларда ақша қаражаты бөлінеді.
14-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Тауар нысанындағы гуманитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмекті алушының деректемелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.
16. Тиісті орталық мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көліктің түрі, тегі және саны, тиеу графигі, тиеу пункттері мен межелі пункттер жөніндегі қажетті ақпаратты көлік саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
18. Тиісті орталық мемлекеттік орган гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етеді және гуманитарлық көмек тауар нысанында көрсетілген жағдайда беру үшін персоналды шет мемлекетке жібереді.
20. Тауар нысанындағы гуманитарлық көмекті тасымалдау бойынша көлік ұйымдары шығыстарының, сондай-ақ материалдық құндылықтарды жөнелтуге және жеткізуге, азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберуге байланысты шығыстардың құнын өтеу Резервтерді пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.10.2023 жылғы № 932 Қаулысына сәйкес (07.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21. Гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.09.2025 жылғы № 766 Қаулысына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. гуманитарлық көмекті ақшалай нысанда көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві қаражаты есебінен Резервтерді пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
23. гуманитарлық көмек көрсету үшін ақша қаражатын аударуды гуманитарлық көмекті алушы шот деректемелерін ресми ұсынғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
24. Сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және тиісті орталық мемлекеттік органға алушының көрсетілген гуманитарлық көмекті алғаны туралы ақпарат береді.
25. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету мәселесі бойынша шет елдерге және халықаралық ұйымдарға өтініш жасайды.
26. Өтініште гуманитарлық көмектің сипаты, сипаттамасы, оған қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмек берілетін немесе она тұрған алушының жері көрсетіледі.
4) сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы және (немесе) тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өзге де нысандағы сәйкестікті бағалау туралы құжат ұсынылады.
28. Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек түрінде жіберілетін тауарлар Қазақстан Республикасындағы алушыға іс жүзінде берілген кезге дейін шет елдердің және халықаралық ұйымдардың меншігі болып табылады.
29. Шет елдерден және халықаралық ұйымдардан дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар түріндегі гуманитарлық көмекті алу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынылатын гуманитарлық көмектің қажеттілігіне, атаулары мен саны бөлігінде келісуін алу қажет.
30. Халықтың өміріне және (немесе) денсаулығына қауіп төндіретін инфекциялық аурулардың пайда болу және таралу қатерін болғызбау мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар түріндегі гуманитарлық көмекті қабылдауды, сақтауды, жеткізуді және бөлуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
31. Шет елдерден және халықаралық ұйымдардан Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуді немесе Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету туралы бастамашылық өтінішті қараған және оған әзір болған жағдайда сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті саланың орталық мемлекеттік органына Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ақпарат жібереді.
31-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2024 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (20.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.06.2024 жылдан бастап)
31-1. Тиісті саланың орталық мемлекеттік органы сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органның ақпаратын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдауға және бөлуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне сұрау салу жібереді. Сұрау салуда Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмектің сипаты, сипаттамасы, жеткізу орны, тиісті уәкілетті ұйым және оны бөлу бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
2-параграф 31-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.06.2024 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.06.2024 жылдан бастап)
32 Тиісті саланың орталық мемлекеттік органының сұрау салуын қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары тиісті қарармен Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдауды және бөлуді келіседі не одан бас тартады.
32-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2024 жылғы № 468 Қаулысына сәйкес (20.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.06.2024 жылдан бастап)
33. Уәкілетті ұйым тиісті орталық мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен гуманитарлық көмекті қабылдауды және бөлуді жүзеге асырады.
33-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.06.2024 жылғы № 468 Қаулысымен (20.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.06.2024 жылдан бастап)
35. гуманитарлық көмекті уақытша сақтауды, жеткізуді уәкілетті ұйым және (немесе) жергілікті атқарушы органдар орналастыру және сақтау үшін белгіленген санитариялық нормаларға сәйкес жүзеге асырады.
36. Акцизделетін тауарларды қоспағанда, тауарларды гуманитарлық көмек ретінде әкелу Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 479-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
36-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.10.2025 жылғы № 879 Қаулысына сәйкес (18.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
38. Тиісті орталық мемлекеттік орган гуманитарлық көмекті уәкілетті ұйым бөлгеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмектің бөлінгені туралы ақпарат ұсынады.