БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2022
«Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 872 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қазанда № 19462 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 07.07.2022 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсанда № 253 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, 173-баптарына, 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларында:
«10) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) стандартты медициналық құжаттамалар (бұдан әрі - № 907 бұйрығы);
11) туберкулезбен ауыратындарды туберкулезбен ауыратындардың Ұлттық тізбесіне тіркеу (бұдан әрі - ТАҰТ);
12) осы Қағидаларға 1-қосымшада ұсынылған туберкулезді инфекциялық бақылау шараларын сақтау бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын талаптарды орындау;
13) туберкулезбен ауыратындардың босатылатындары туралы ақпаратты денсаулық сақтау жүйесінің туберкулезге қарсы ұйымдарына (бұдан әрі - ТҚҰ), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің (бұдан әрі - ТКҚСҚБК) аумақтық органдарына және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметтерінің бөліністеріне беру;
14) ҚАЖ-ғы туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін талдау;
15) когортты және статистикалық талдау жатады.»;
«18) ТҚҰ-ға, ТКҚСҚБК аумақтық органдарына, үкiметтiк емес ұйымдарға (бұдан әрі - ҮЕҰ) және ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметтерінің бөліністеріне уақытша ұстау изоляторларынан (бұдан әрі - УҰИ) ақпаратты алған соң күнтізбелік үш күннен кешіктірмей сот залынан босатылатын туберкулез науқастар туралы ақпаратты беруді;»;
«10. Туберкулез диагнозы ТҚҰ ОДКК мынадай жағдайларда:
1) ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы ауруханалары жоқ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана аумағында;
2) ҚАЖ мекемесі ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы ауруханасынан 20 шақырым асатын қашықтықта орналасқан кезде;
3) туберкулез КДТ/ККДТ кезінде анықталған немесе күдік болған кезде қояды.»;
«42. ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы ауруханаларында көптеген және кең көлемді дәрілік тұрақтылығы бар туберкулезбен науқастардың емін ұйымдастыру үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, ТҚҰ өкілінің қатысуымен ОДКК ұйымдастырады, олар көптеген дәрілік тұрақтылығы бар әрбір туберкулез науқастың диагнозы және емдеу тактикасы бойынша алқалық шешім қабылдайды.»;
«54. ҚАЖ туберкулезге қарсы ауруханаларының, туберкулезбен ауыратындарды емдеуге арналған оқшаулаған учаскелерінің медициналық қызметі туберкулезбен ауыратын адамдарды босату кезінде мынадай шараларды жүргізеді:
1) арнайы есепке алу бөлімімен бірлесіп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диспансерлік есептің тобында тұрған ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы ауруханаларынан босатылатын туберкулезбен науқастардың тізімін дайындайды;
2) ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы ауруханаларынан, туберкулезбен ауыратындарды емдеуге арналған оқшауланған учаскелерінен босатылардан үш ай бұрын психоәлеуметтік көмекті қажет ететін босатылатын науқастар туралы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туберкулезге қарсы емінің басталу уақыты, диагнозы, босатылу күні, жіберілетін мекенжайы) туралы ҮЕҰ-ға ақпарат жолдайды;
3) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана Полиция департаменттерінің бөліністеріне (аумақтық жергілікті полиция қызметтері) және ТҚҰ-ға босатылатын туберкулез науқастар туралы жаза мерзімі аяқталардан бір ай және ШТМББ, ЖЖТА кезінде күнтізбелік он бес күн бұрын алдын ала хабарлайды;
4) ҚАЖ-дың туберкулезге қарсы ауруханаларынан, туберкулезбен ауыратындарды емдеуге арналған оқшауланған учаскелерінен ауырған адамдар босатылған соң ақпаратты ТҚҰ-ға береді (ТБ-01/е, ТБ-01/е ІV санатты нысандары № 907 бұйрығымен бекітілген).»;
«6. ҚАЖ емдеу-алдын алу мекемелерінде (бұдан әрі – ЕАМ) залалсыздандыру, дезинсекциялау және дератизациялау шаралары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № ҚР ДСМ-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17429 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес тұрақты негізде ұйымдастырылады және жүргізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Д.Т. Қанатбеков) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Д.Т. Қанатбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Тургумбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Полная версия