«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын (екінші кезең 2020 – 2022 жылдар) бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын (екінші кезең 2020 – 2022 жылдар) бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (екінші кезең 2020 - 2022 жылдар) (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) жоспарды іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) жыл қорытындылары бойынша қаңтардың 20-сынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияға Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (екінші кезең 2020 – 2022 жылдар)
|
Р/с № |
Іс-шара атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-қимыл жасалғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстар
|
ҚМ, БП, ІІМ ЖС (келісім бойынша)
|
2020-2021 жылдар |
- |
талап етілмейді |
|
|
Адам саудасының құрбандарымен және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, кемсітушілік және зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшыраған, алдын алу жұмыстарының озық тәжірибесі бойынша ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдік әріптестерінің қатысуымен курстарды ұйымдастыру |
Біліктілікті арттыру бағдарламалары
|
ІІМ |
2020-2022 жылдар |
2020 жыл – 2021 жыл – 2022 жыл– бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ «079 ҚР ІІМ кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау» |
|
|
Отбасы-тұрмыстық саласында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
АҚДМ ақпарат |
ІІМ |
Жыл сайын, желтоқсан |
- |
талап етілмейді |
|
|
Қазақстан Республикасында отбасының әл-ауқаты индексін әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау |
ұсыныстар |
АҚДМ, ЕХӘҚМ, ИИДМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, облыстардың, |
2020 жылғы қыркүйек |
- |
талап етілмейді |
|
|
«Қазақстандық отбасылар» Ұлттық баяндамасын дайындау |
баяндама |
АҚДМ, ЕХӘҚМ, ИИДМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, облыстардың, |
Жыл сайын, қараша |
2020 жыл – 2021 жыл – 2022 жыл –
|
РБ 007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» |
|
|
Қазақстандық отбасылардың жағдайын зерттеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу |
Аналитикалық есеп |
АҚДМ, облыстардың, |
Жыл ішінде |
2020 жыл – 2021 жыл – 2022 жыл –
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ 007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» ЖБ |
|
|
Жас отбасыларға балаларды жоспарлау және тәрбиелеу, ажырасудың алдын алу, отбасы жоқ жалғыз басты адамдарға, оның ішінде психологтарды, медицина қызметкерлерін, мұғалімдерді, ақсақалдар кеңестерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, психологиялық және консультациялық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру |
АҚДМ ақпарат |
ӘМ (жинақтау), облыстардың, |
Жыл сайын, желтоқсан |
- |
Талап етілмейді |
|
|
Білікті мамандарды тарта отырып, отбасын құруды жоспарлайтын көп балалы отбасыларға, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға, ажырасу шегіндегі отбасыларға, жас жұбайларға консультациялық көмек ұйымдастыру |
консультациялар |
облыстардың, |
Жыл сайын |
бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
ЮНИСЕФ және ЮНФПА сарапшыларын тарта отырып, жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлықтың алдын алу, қалаусыз жүктіліктің алдын алу, ЖЖБИ/АИТВ-ның таралуының алдын алу бойынша мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және жастар денсаулық орталықтарында жасөспірімдерді оқытуды өткізу
|
оқыту іс-шаралар кешені |
облыстардың, |
Жыл сайын |
бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
Балаларды құрдастарымен, үлкендермен қақтығыстан қауіпсіз шығу тәсілдеріне, сондай-ақ өзін-өзі қорғау дағдыларына үйрету, өшпенділіктің құрбаны болған (буллинг) балаларды қолдау үшін белсенді оқушылар мен қоғамдық белсенділер арқылы құрметке ие болуға үйрету |
тренингтар, лекциялар, кездесулер
|
АҚДМ, облыстардың, |
Жыл сайын |
2020 жыл – 14 597 мың теңге
2021 жыл – 14 597 мың теңге
2022 жыл – 14 597 мың теңге
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ 007 ««Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» ЖБ
|
|
|
Отбасылық және гендерлік саясатты ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді және халықты үздіксіз жалпыға бірдей гендерлік ағартуды қамтамасыз ету |
методикалық әдңстемеліктер, ұсынымдар |
ӘІОДСҰК (келісім бойынша), АҚДМ, облыстардың, |
Жыл сайын |
2020 жыл – 2021 жыл – 2022 жыл –
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ 007 ««Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» ЖБ
|
|
|
Әке болу институтын дамыту және балаларды тәрбиелеп отырған әкелердің құқықтарын іске асыру үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету |
жоба, ұсынымдар |
АҚДМ, облыстардың, |
Жыл сайын |
2020 жыл – 30 761 мың теңге 2021 жыл – 2022 жыл –
в пределах выделенных средств |
РБ 007 ««Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» ЖБ
|
|
|
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық-түсіндірмелік акциясын өткізу
|
кездесулер, лекциялар |
АҚДМ, облыстардың, |
Жыл сайын |
2020 жыл – 2021 жыл – 2022 жыл –
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ 007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» ЖБ
|
|
|
Жанжал немесе қиын өмірлік жағдайында медиация және отбасын әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметтерін дамыту |
консультациялар, тренингтер |
АҚДМ, ЕХӘҚМ, облыстардың, |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ, ЖБ |
|
|
Аз қамтамасыз етілген және/немесе көп балалы отбасы мүшелері үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету
|
ӘІОДСҰК-ға ақпарат ақпарат
|
ЕХӘҚМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ 68 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» МБ |
|
|
Аборттардың алдын алу және санын азайту, халықты және медицина қызметкерлерін консультация беру және оқыту арқылы халық үшін ана болу және дені сау бала туу қауіпсіздігі әдістеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу |
консультациялар, акциялар, тренингтер, ұсынымдар |
ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ, ЖБ |
|
|
Амбулаториялық-емханалық көмек ұйымдарының медицина қызметкерлерін репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша, оның ішінде аборт пен қауіпсіз ана болуды алдын алу бойынша оқыту |
консультацияла, акциялар, тренингтер, ұсынымдар |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ДСМ |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ, ЖБ |
|
|
Бірыңғай медиа-жоспар шеңберінде отбасылық құндылықтарды және гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша ақпараттық жұмысты ұйымдастыру |
Ақпараттық анықтама |
АҚДМ, облыстардың, |
Ежегодно
|
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ 003 «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу», ЖБ |
|
|
Отбасы және әке институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат
|
АҚДМ, БҒМ, облыстардың, |
жыл сайын, қаңтар |
Бөлінген қаражат шеңберінде
2020 жыл – 111 782 мың теңге
2021 жыл – _____ мың теңге
2022 жыл – ____ мың теңге
|
РБ 003 007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру», 001 «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптасты ру» ЖБ |
|
|
Отбасы институтын қолдау, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жеке, корпоративтік, квазимемлекеттік секторды белсенді тарту |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат
|
АҚДМ, БҒМ, ЕХӘҚМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), ҮЕҰ (келісім бойынша), облыстардың, |
жыл сайын, желтоқсан |
Талап етілмейді |
Демеушілік қаражат және меценаттар есебінен |
|
|
Қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша ауылдық әйелдер үшін оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу |
АҚДМ-ға ақпарат |
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) |
2020 жыл сәуір |
Талап етілмейді |
тартылған қаражат есебінен |
|
|
«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің жыл сайынғы Конгресін өткізу |
АҚДМ-ға ақпарат |
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
ішкі көздер есебінен |
|
|
Ауыл және қала әйелдерін қолөнершілікке оқыту бойынша мастер-класс өткізу |
АҚДМ-ға ақпарат |
«Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
ішкі көздер есебінен |
|
|
Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және отбасылық бизнесті жүргізуге, оның ішінде ауылдық жерлерде қолдау шараларын көрсетуге бағытталған жобаларды іске асыру |
АҚДМ-ға ақпарат |
ЕХӘҚМ, ҰЭМ, АШМ, ҮЕҰ (келісім бойынша), облыстардың, |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ 68 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру» МБ |
|
|
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды, оның ішінде үйде оқитын (ерекше қажеттіліктері бар) балаларды әлеуметтендіру жөніндегі қызметке «Ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» қағидаты бойынша волонтерлік қозғалыстарды, ақсақалдар, әкелер, аналар кеңестерін тарту |
АҚДМ-ға ақпарат |
облыстардың, |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
- |
|
|
Халықтың әртүрлі санаттарын, оның ішінде балаларды, жасөспірімдер мен жастарды (қауіп-қатер топтарын) спорт секцияларымен, тұрғылықты жері бойынша аула және спорт клубтарының санын арттыру арқылы бұқаралық қолжетімді спорт түрлерімен қамтуды қамтамасыз ету |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат
|
МСМ, облыстардың, |
Жыл сайын, желтоқсан |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
ЖБ |
|
|
Әлеуметтік мәселелер картасы негізінде өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат жағдайының мониторингі |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат
|
ДСМ, ЕХӘҚМ, БҒМ, ІІМ, АҚДМ, облыстардың, |
Жыл сайын, қаңтар |
Талап етілмейді |
- |
|
|
Қоғамдық ұйымдарды (әкелер, аналар, ақсақалдар кеңестері, Қоғамдық кеңестер) діни институттар мен жұртшылық өкілдері арасында ерте некелердің, оның ішінде этномәдени және діни дәстүрлерге негізделген некелердің заңсыздығы мен оларды жасасуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарына тарту |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат
|
АҚДМ, ҚХА (келісім бойынша), облыстардың, |
Жыл сайын, желтоқсан |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
ЖБ |
|
|
Гендерлік теңдікті дамыту мәселелері бойынша оқыту семинар-тренингтерін, біліктілікті арттыру курстарын өткізу |
сертификаттар |
МБА (келісім бойынша), КЕАҚ «ҚҚДИ» (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде
|
РБ
|
|
|
Қолданыстағы мемлекеттік бюджеттік жоспарлау жүйесіне гендерлік бюджеттеуді кезең-кезеңмен енгізу |
ӘІОДСҰК отырысы |
ҰЭМ, ҚМ, ӘІОДСҰК (келісім бойынша) |
2020 жыл қазан |
Талап етілмейді |
- |
|
|
Өңірлерде ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдеу жөніндегі кабинеттердің қызметін жетілдіру |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын желтоқсан |
Бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
Жастар, халықтың осал топтары арасында аборттардың, қажетсіз жүктіліктің және ЖЖБИ таралуының алдын алу үшін репродуктивті және жыныстық денсаулықты қорғау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді жалғастыру |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын желтоқсан |
Бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
ЕХӘҚМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын |
ЖБН: 2020 –57 275 2021 – 27 667 2022 –
ЖТЛ: 2020 г. – 101,102 млн. 2021 г. – 103,559 млн. 2022 г. – 101,623 млн.
бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ, ЖБ |
|
|
Назарбаев Университеті , Гендерлік ғалымдар консорциумы базасында гендерлік инновациялар зертханасының қызметін ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
АҚДМ, Назарбаев университеті (келісім бойынша) |
2020 жыл маусым |
Талап етілмейді |
- |
|
|
Қарт адамдардың, жалғыз басты қарт адамдардың бос уақытын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру |
АҚДМ-не ақпарат |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде |
МБ |
|
|
Қазақстан экономикасын технологияландыру және цифрландыру жобаларын іске асыруда әйелдердің үлесін арттыру |
АҚДМ-не ақпарат |
ЦДИАӨМ, ИИДМ |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
- |
|
|
Алматы қаласының аз қамтылған отбасыларына арналған «Baqytty Otbasy» әлеуметтік орталығын және Нұр-сұлтан қ. «Жанұя» отбасын қолдау орталығын құру бойынша оң тәжірибені өңірлерге ұлғайту мәселесі бойынша ұсыныстар енгізу |
АҚДМ-не ақпарат |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2020 жыл желтоқсан |
Бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
Интернет бойынша балаларды зиянды ақпараттан қорғау бойынша балалар мен ата-аналар үшін ақпараттық курстар өткізу |
семинарлар, тренингтар |
АҚДМ, БҒМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
2020 – 8 516 мың теңге
2021 –8 516 мың теңге
2022 –8 516 мың теңге
Бөлінген қаражат шеңберінде |
007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру» |
|
|
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы іс-шаралар кешенін іске асыру |
жобалар |
АҚДМ, БҒМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
2020 – 110 152 мың теңге
2021 – 110 152 мың теңге
2022 – 110 152 мың теңге
Бөлінген қаражат шеңберінде |
007 «Мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру», ЖБ
|
|
|
Бірінші кезекте өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерге есептелген құқықтық сауаттылықты қоса алғанда, тегін заң қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету |
АҚДМ-не ақпарат |
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
Сандық кеңістіктегі гендерлік алшақтықты қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Wiki4Women» жаһандық науқанына қатысуын ілгерілету жөніндегі іс-қимылды жандандыру |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
АҚДМ, БҰҰ өкілдігі (келісім бойынша), БҒМ, МСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
Жыл сайын |
Талап етілмейді |
- |
|
|
Гендерлік теңдік пен әйелдер көшбасшылығын дамыту бойынша онлайн-оқыту өткізу |
тренингтар, курстар |
АҚДМ, ҚҚДИ (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
Бөлінген қаражат шеңберінде (мемлекеттік тапсырма) |
РБ |
|
|
Әйелдер жағдайының өзекті мәселелері бойынша халықаралық форум өткізу |
форум, қарар |
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы (келісім бойынша), АҚДМ, БҰҰ әйелдер (келісім бойынша), ЮНФПА (келісім бойынша), ЮНИСЕФ (келісім бойынша), ӘІОДСҰК (келісім бойынша) |
2021 жыл |
- |
меншікті қаражат есебінен |
|
|
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды ілгерілету мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу |
конференция, ұсыныстар |
АҚДМ, ҚҚДИ (келісім бойынша), ӘІОДСҰК (келісім бойынша) |
2020 жыл |
Бөлінген қаражат шеңберінде (мемлекеттік тапсырма) |
РБ |
|
|
Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің модулін әзірлеу |
өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі |
ӘМ |
2020 жыл |
2020 год - _____ мың теңге
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ |
|
|
Халықтың қажеттілігі мен тығыздығына қарай оңалту орталықтарының оңтайлы санын анықтағанға дейін ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған медициналық – әлеуметтік педагогикалық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) кезең-кезеңмен ашу |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
ДСМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
тұрақты |
Бөлінген қаражат шеңберінде |
ЖБ |
|
|
Қазақстан Республикасында балалардың мүдделеріне бағытталған әлеуметтік инновациялар бағыттары бойынша жобаларды қолдау және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Social Innovation зертханасын іске қосу |
зертхананы іске қосу |
Astana Hub (келісім бойынша), БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) (келісім бойынша) |
2020 жыл |
|
|
|
|
Отбасының ауру мүшесіне күтім жасайтын қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты режиміне құқық беру бөлігінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
Қазақстан Республикасы Заңның жобасына ұсыныстар |
ЕХӘҚМ |
2020 жыл |
Талап етілмейді |
- |
|
|
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде отбасылық бизнесті құруды қоса алғанда, әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын енгізу |
АҚДМ-не ақпарат |
ҰЭМ, ҚМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша), «Бәйтерек ҰБХ» АҚ (келісім бойынша) |
2020-2022 жылдар |
2020 – _____мың теңге
2021 – _____ мың теңге
2022 – _____ мың теңге
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ |
|
|
Шағын және орта бизнеске көп балалы отбасыларды тарту |
АҚДМ-не ақпарат |
ЕХӘҚМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) |
2020-2022 жылдар |
2020 – _____мың теңге
2021 – _____ мың теңге
2022 – _____ мың теңге
Бөлінген қаражат шеңберінде |
РБ |
|
|
«Атамекен» ҚР ҰКП іскер әйелдер кеңесінің жыл сайынғы конгресін өткізу |
АҚДМ-не ақпарат |
«Атамекен» ҰКП |
Жыл сайын |
Ішкі көздер есебінен |
- |
|
|
Жастарды отбасылық өмірге дайындау кабинетінің ашылуы |
жастарды отбасылық өмірге дайындау кабинеті |
БҒМ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (келісім бойынша) |
Жыл сайын |
Ішкі көздер есебінен |
- |
|
|
Мынадай: 1) әйелдер мен ерлерді басқарушы лауазымдарға тағайындау туралы; 2) гендерлік аспектілер бөлінісінде «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға конкурс өткізуді мониторингтеу нәтижелері туралы ақпарат ұсыну |
ӘІОДСҰК-ға ақпарат |
МҚІА (келісім бойынша) |
жыл сайын, ақпан |
- |
талап етілмейді |
|
|
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесінің шеңберінде гендерлік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша тақырыптық сабақтар жүргізу |
оқытудың бекітілген кестелері |
МҚІА (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша), ОМО, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері |
2020 – 2022 жылдар |
- |
талап етілмейді |
|
|
Үкіметтің осы Жоспарды іске асыру туралы шоғырландырылған есебінің жобасын енгізу |
Үкіметтің шоғырландырылған есебінің жобасы |
АҚДМ, ЕХӘҚМ, ДСМ, ІІМ, БҒМ, ҰЭМ, ИИДМ, АШМ, СІМ, МСМ, ҚМ, ӘМ, МҚІА (келісім бойынша), БП (келісім бойынша), ЖС (келісім бойынша), ҚҚИ (келісім бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері |
жыл сайын, 15 ақпан |
Талап етілмейді |
- |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын (екінші кезең 2020 - 2022 жылдар) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығын іске асыру мақсатында.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2017 – 2019 жылдар) бекіту туралы» 2017 жылғы 3 наурыздағы № 106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Талап етілмейді.
8. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
Жоба Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында (www.qogam.gov.kz) орналастырылған. Сондай-ақ, жоба 2019 жылғы _______ ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған. Байт саны: _____ байт.
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептер қорытындысы
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Абаев

