«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Түркістан облысының Жетісай және Мақтарал аудандарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға 2019 жылға арналған республикалық бюджеттен 1 276 102 698 (бір миллиард екі жүз жетпіс алты миллион жүз екі мың алты жүз тоқсан сегіз) теңге сомасында 283 408 000 электр энергиясын тауар айналымы бойынша қызметтерді төлеу үшін, оның ішінде Қырғызстан Республикасынан 1 200 490 532 (бр миллиард екі жүз миллион төрт жүз тоқсан мың бес жүз отыз екі) теңге, Тәжікстан Республикасынан 75 612 166 (жетпіс бес миллион алты жүз он екі мың жүз алпыс алты) теңге, соның ішінде Қырғызстан Республикасымен 269 999 000 (екі жүз алпыс тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың) киловатт, Тәжікстан Республикасымен 13 409 000 (он үш миллион төрт жүз тоғыз мың) киловатт, 2019 жылғы шілде-тамыз айларында «Достық» мемлекетаралық каналының қазақстан бөлігінен Түркістан облысының Жетісай және Мақтарал аудандары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін су үшін қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына сәйкес, сондай-ақ, Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Жобаның мақсаты – «Достық» мемлекетаралық каналының қазақстандық бөлігінен Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2019 жылғы шілде-тамыз айларында берілген су үшін 283 408 000 (екі жүз сексен үш миллион төрт жүз сегіз мың) киловатт сағат көлеміндегі электр энергиясымен тауар алмасу жөніндегі көрсетілген қызметтерді төлеу үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне 2019 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 1 276 102 698 (бір миллиард екі жүз жетпіс алты миллион жүз екі мың алты жүз тоқсан сегіз ) теңге сомасында қаражат бөлу.
Аталған шара суармалы жерлерді суармалы сумен уақытылы қамтамасыз етуге, Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының ауыл шаруашылығы туар өндірушілерінің өнімін сақтауды, бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, және өңірде әлеуметтік шиеленістіктің туындамауын қамтамасыз етті.
Қаулы жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға алып келмейді.
Полная версия

