Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020
«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ-142 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19557 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
«3. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әкімшінің тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде және (немесе) Қордың активтер есебінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарының негізінде трансферттер есебінен жүзеге асырады, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған сомалардың шегінде, алдыңғы қаржы жылына ТМККК көрсетуге шарттар жасасқан қызметтер берушілермен ағымдағы қаржы жылының бюджет қаражаты есебінен алдыңғы қаржы жылының соңғы айында көрсетілген медициналық қызметтер үшін ТМККК көрсетуге жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады.»;
«6. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген қызметтер актісінің негізінде тарифтер бойынша жүзеге асырылады.»;
«9. Есепті желтоқсан кезеңі үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде ұстап қалатын желтоқсандағы көрсетілетін қызметтерге арналған авансты қоспағанда, авансты ұстап қалу кестесі қызметтер көрсету айынан бастап қызмет көрсету кезеңдерінің жалпы санынан жетпіс бес пайыздан аспайтын кезеңдер санына бірдей белгіленеді.»;
«15. АС осы Қағидаларға, Тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына сәйкес төлем ақпараттық жүйелерінде тарифтерді енгізу және қызметтер құнын автоматты түрде есептеу, оның ішінде ақаулар бойынша айыппұл санкцияларының дұрыстығын қамтамасыз етеді.»;
«26. Көрсетілген қызметтер актісін қалыптастыру көрсетілген қызметтер үшін шот-тізілім, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының орындалу хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.»;
«27. Қызметтер беруші есепті кезең аяқталған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей басшы немесе уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және қызметтер берушінің мөрімен (ол болған жағдайда) расталған қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілген қызметтер үшін шот-тізілімді (шот-тізілімдерді) көрсетілетін қызметтерді сатып алудың әрбір шартына жеке қалыптастырады және қорға береді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«ТМККК шеңберінде ағымдағы жылғы қаңтар үшін шот-тізілім алдыңғы жылғы 1 желтоқсаннан бастап ТМККК шеңберінде шот-тізілімге кірмеген қызметтерді ескере отырып, жүзеге асырылады.»;
Полная версия
ИС BestProfi