Близость слов: Окончание:





«Республикалық мемлекеттік мекемелермен суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оның бағалауын жүргізу барысында қызметтердің тарифтерін бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Республикалық мемлекеттік мекемелермен суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оның бағалауын жүргізу барысында қызметтердің тарифтерін бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Республикалық мемлекеттік мекемелермен суармалы жерлаердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оның бағалауын жүргізу барысында қызметтердің тарифтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы «___» _________
№ ___ бұйрығымен бекітілген
Республикалық мемлекеттік мекемелермен суармалы жерлаердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оның бағалауын жүргізу барысында қызметтердің тарифтері

Р/с №

Қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

Бірлік үшін баға (теңге, қосылған құн салығынсыз) *

1

Суармалы жерлердің топырақ-мелиоративтік және тұздық түсірілімін жүргізу

гектар

948

2

Ыза суларының деңгейіне гидрорежимідік бақылаулар жүргізу

өлшеу

1326

3

Олардағы тұздарды анықтау үшін топыраққа және суға талдаулар жүргізу:

 

 

 

– топырақтың талдауы

сынама

2426

 

– судың талдауы

сынама

9151

4

Жерүсті және жерасты суларының ирригациялық бағалау жүргізу және оларды суару үшін пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу

ұсыным

84086

5

Бақылау ұңғымаларын жабдықтау және суға ұңғымалар бұрғылау:

 

 

 

– бақылау ұңғымаларын жабдықтау

дана

64123

 

– суға ұңғымалар бұрғылау

дана

774998

* Ескертпе: Атқарылатын қызметтердің құны Құрылыс үшін инженерлік ізденістерге арналған бағалар жинағының негізінде құрастырылған, ҚР ИІБЖ 8.03-04-2016 Астана, 2017 жыл.
Полная версия
ИС BestProfi