«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 114) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. «Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 733 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12185 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларында:
2-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
дополнить абзацем седьмым следующего содержания:
«семинар, тренинг (мастер-класс) – кадрлардың біліктілігін арттырудың теориялық және практикалық түрі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетелдік мамандар сертификаттаудан өту үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі – аумақтық департамент) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маман сертификатын беруге өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет);
3) Министрдің бұйрығымен бекітілген білім беру құжаттарын тану және нострификациялау ережелеріне сәйкес берілген, Қазақстан Республикасында мәлімделген мамандық бойынша интернатураны немесе резидентураны немесе клиникалық ординатураны аяқтаған кезде білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік. Қазақстан Республикасының білім және ғылымы 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 тіркелген).
Қазақстан Республикасындағы оқу орындарын бітірген шетелдік мамандар медициналық білімі туралы диплом және мәлімделген мамандық бойынша интернатураны, резидентураны, клиникалық ординатураны аяқтағандығы туралы құжат ұсынады;
4) шетелдік маманның резиденттік елінде берілген мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практиканың жүзеге асырылғанын растайтын құжат;
5) мәлімделген мамандық бойынша соңғы бес жыл ішінде кемінде 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өткендігін растайтын құжаттар;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
7) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымына), облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
Полная версия

