Близость слов: Окончание:





«Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысы өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысы өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 болып тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде № 9-10 жарияланған, 219-мақала) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларында және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарда:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша барлық банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиялардан айыруына;»;  
4-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есептеуге сәйкес сома көлемінде өтемақы төлеу міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген салдары туындайды;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17313 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын тағайындау күнінде қолда бар электрондық түрдегі екiншi деңгейдегi банктердің баланстықжәне баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;»;
83-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«83-1. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.  
Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа шағым-талап өтінішін берген күніне дебитор мен банктің арасында жасалған шарттардың талаптарына негіздеп жүргізеді.
Сот талқылауы барысында немесе іс жүргізу шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат берілген жағдайда тарату комиссиясы татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім (бұдан әрі – дауды реттеу туралы келісім) жасау туралы мәселені мынадай барлық талаптар сақталған кезде қарайды:
дебитордың қаржылық жағдайы дебиторлық берешекті дауды реттеу туралы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде өтеуге мүмкіндік береді;
дауды реттеу туралы келісімнің талабы таратылатын банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайды;  
дауды реттеу туралы келісім шеңберінде дебиторлық берешекті өтеу мерзімі жеке тұлға-дебиторлар үшін 30 (отыз) айдан, заңды тұлға-дебиторлар үшін 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;
банк дебитордың міндеттемелерін орындау есебіне бұрын қабылдаған қамтамасыз етуі (бар болса) өзгертусіз сақталады;
оған қатысты сот орындаушысы дебиторға қатысты атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаған мүлік дауды реттеу туралы келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз ету ретінде тарату комиссиясына кепілге беріледі. Осы абзацта көзделген талаптарды іске асыру мақсатында тарату комиссиясының төрағасы жасалатын мүлік кепілі шарттарына тарату комиссиясының атынан қол қояды;  
заңды тұлға-дебитормен жасалатын дауды реттеу туралы келісім бойынша берешекті өтеу дауды реттеу туралы келісімде көзделген берешекті өтеудің барлық мерзімі бойы ай сайын тең төлемдермен жүзеге асырылады.  
Дауды реттеу туралы келісімнің талаптары кредиторлар комитетімен келісілгеннен кейін тарату комиссиясының төрағасы оған қол қояды.»;
85-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Тарату комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бұдан әрі – бағалаушы) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.»;
103-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ ұйымның кепілдік беру жөніндегі, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есебіне сәйкес сомадағы көлемде өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптары енгізіледі.»;
111-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот актілері бойынша банктің тарату комиссиясы қабылдаған жылжымайтын мүлкіне қатысты мәміле жасау туралы шешімді, сондай-ақ Қағидалардың 83-1-тармағына сәйкес жасалған дауды реттеу туралы келісімнің талаптарын келісу.»;
111-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«111-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Қағидалардың 111-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.  
Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Қағидалардың 111-тармағының 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген шешімдерді тарату комиссиясының төрағасы дербес қабылдайды.»;
126-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағалаушыны таңдау жөніндегі іс-шараларды өткізу;»;
173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«173. Қатысушы банктің тарату комиссиясы жіберілген міндеттемелер сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және оны таратылатын банктің кепілдік беру жөніндегі ұйымның алдындағы міндеттемелерді есепке алудың тиісті шотына енгізе отырып, салымшыларға төленуге тиісті өтемақы мөлшерінде кредиторлар тізілімінің екінші кезегіне кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.».  
2. Банктік реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:  
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулы жобасына түсіндірме жазба

№ п/п

Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Банктерді реттеу департаменті

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында таратылатын банктің кредиторлар комитетінің келісімі бойынша тарату комиссияларының «проблемалық» қарыз алушылармен татуласу және медиация келісімдерін жасасу мүмкіндігі көзделген.

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті

Заң департаменті

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Қажет етпейді

6.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасының аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары туралы, Ұлттық Банктің жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі сараптама кеңесінде қарау нәтижелері туралы мәліметтер (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін)

____________ «Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ-ның сараптамалық қорытындысы алынды.

____________ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жіберген сараптамалық қорытындысы алынды.

_______________ ҚР Ұлттық Банкінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің хаттамасы.

7.

Нормативтік  құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Қажет етпейді

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және көпшілік талқылауы нәтижелері туралы мәліметтер 

Қаулы жобасы 2019 жылғы 11 қарашадағы  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ.

Банктерді реттеу департаментінің
Директоры ____________________ О. Қизатов
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Мәжбүрлеп таратылатын банктерді таратуды жүзеге асыру қағидаларын және олардың тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының жобасының салыстырмалы кестесі

№ р/н

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

1

3 тармақтың 2) тармақшасы

3.

2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органының банк заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиялардан айыруына;

3.

2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының Банктер туралы заңның 48-бабының 1-тармағында көзделген негіздемелер бойынша барлық банк операцияларын жүргізуге банктің лицензиялардан айыруына;

"Нормативтiк құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру

2

4 тармақтың 8) тармақшасы

4.

8) кредиторлар талаптарының тізілімі - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ таратылатын банк ұсынған есептеуге сәйкес сома көлемінде өтемақы төлеу міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;

4.

8) кредиторлар талаптарының тізілімі - уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясымен танылған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есептеуге сәйкес сома көлемінде өтемақы төлеу міндеттемелерін орындау бойынша кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру

3

7 тармақтың 1) тармақшасы

7. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін:

1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген салдары туындайды;

7. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заң күшіне енген күнінен бастап және банкті тарату ісі аяқталғанға дейін:

1) Банктер туралы заңның 48-1-бабының 1-тармағы екінші бөлігінің 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген салдары туындайды;

Редакциялық түзетулер

4

19 тармақтың 19), 26) тармақшалар

19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген «Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысымен көзделген нысандар бойынша автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын тағайындау күнінде қолда бар электрондық түрдегі екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есепті (индекс 700-Н) және екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті (индекс 700-ВН) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

26) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;

19. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар өткізеді:

19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17313 болып тіркелген «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматтандырылған есептік жүйенің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер), тарату комиссиясын тағайындау күнінде қолда бар электрондық түрдегі екiншi деңгейдегi банктердің баланстықжәне баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмағанда, қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

26) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;

Редакциялық түзетулер

5

83-1 тармақ

83-1. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа шағым-талап өтінішін берген күніне дебитор мен банктің арасында жасалған шарттардың талаптарына негіздеп жүргізеді.

 

 

83-1. Дебиторлық берешекті сот тәртібімен өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Банктің тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа шағым-талап өтінішін берген күніне дебитор мен банктің арасында жасалған шарттардың талаптарына негіздеп жүргізеді.

Сот талқылауы барысында немесе іс жүргізу шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып дауды реттеу туралы өтінішхат берілген жағдайда тарату комиссиясы татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім (бұдан әрі – дауды реттеу туралы келісім) жасау туралы мәселені мынадай барлық талаптар сақталған кезде қарайды:

дебитордың қаржылық жағдайы дебиторлық берешекті дауды реттеу туралы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде өтеуге мүмкіндік береді;

дауды реттеу туралы келісімнің талабы таратылатын банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайды;

дауды реттеу туралы келісім шеңберінде дебиторлық берешекті өтеу мерзімі  жеке тұлға-дебиторлар үшін 30 (отыз) айдан, заңды тұлға-дебиторлар үшін 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;

банк дебитордың міндеттемелерін орындау есебіне бұрын қабылдаған қамтамасыз етуі (бар болса) өзгертусіз сақталады;

оған қатысты сот орындаушысы дебиторға қатысты атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаған мүлік дауды реттеу туралы келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз ету ретінде  тарату комиссиясына кепілге беріледі. Осы абзацта көзделген талаптарды іске асыру мақсатында тарату комиссиясының төрағасы жасалатын мүлік кепілі шарттарына тарату комиссиясының атынан қол қояды;

заңды тұлға-дебитормен жасалатын дауды реттеу туралы келісім бойынша берешекті өтеу дауды реттеу туралы келісімде көзделген берешекті өтеудің барлық мерзімі бойы ай сайын тең төлемдермен жүзеге асырылады.  

Дауды реттеу туралы келісімнің талаптары кредиторлар комитетімен келісілгеннен кейін тарату комиссиясының төрағасы оған қол қояды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Банк қарыз алушыларынан берешекті өндіру кезінде бейбіт және медиативті келісімдерді жасау арқылы тараптардың келісімге келу үрдісі байқалуда.

Дегенмен Қағидалармен осы тәртіп ретке келтірілген жоқ.

 «Салымдарды сақтандыру агенттігі» мемлекеттік  корпорациясының (бұдан әрі - Агенттік) екінші деңгейдегі банктерді тарату жөніндегі ресейлік жұмыс тәжірибесіне сәйкес Таратылатын қаржы ұйымдарының активтерімен жасалатын жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізілді, өзгерістер таратушысы Агенттік болып табылатын лицензиясы қайтарылған банктердің, ЖЗҚ және сақтандыру компаниялары борышкерлерінің берешектерін реттеу туралы өтініштерді қарау рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді.

Өтініштерді қарау рәсімдерін оңайлату және мерзімдерін қысқарту үшін берешекті реттеудің стандартты шарттары анықталды (негізгі сәттер біздің ұсынымызда мазмұндалған, ұсынылатын редакцияны қараңыз).

ҚР екінші деңгейдегі банктердің тарату комиссиялары қызметінде бейбіт келісімдердің жасалуы:

- борышкер мәмілені адал орындаған жағдайда, борышты өндіру нәтижесіне және кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мақсатында тарату массасын ұлғайтуға оң әсер етуі мүмкін. Түпкілікті нәтижеде тарату процесінің рәсімдерін қысқартады;

- бұл ретте, мәміленің ҚР заңнамалық деңгейінде нақты анықталмауы осы мәмілелердің жасалу айқындылығына жағымсыз әсер етуі мүмкін, мәмілені жасалудың орындылығы туралы кредиторлар тарапынан қосымша сауалдар туындауы мүмкін, сондай-ақ жемқорлық мәселесі де бар.

Осыған байланысты, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын қорғау мақсатында осы жобамен кредиторлар комитеті арқылы тарату комиссияларының «проблемалық» қарыз алушылармен бейбіт және медиативті келісімдерді жасау мүмкіндігін келісу көзделген.

6

85 тармақтың бірінші бөлігі

85. Тарату комиссиясы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда) қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушыны (бағалаушыларды) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.

85. Тарату комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бұдан әрі – бағалаушы) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.

Редакциялық түзетулер

 

103 тармақтың ұшінші бөлігі

103.

Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ ұйымның кепілдік беру жөніндегі, еріксіз таратылып отырған банктің тарату комиссиясына ұсынған есебіне сәйкес сомадағы көлемде төлемді өтеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптары енгізіледі.

103

...

Кредиторлар талаптарының тізіліміне кредиторлардың даусыз болып табылатын талаптары, сондай-ақ ұйымның кепілдік беру жөніндегі, банктің уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) ұсынған есебіне сәйкес сомадағы көлемде өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі болашақ талаптары енгізіледі.

 

7

111 тармақтың 13) тармақшасы

111. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

13) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот актілері бойынша банктің тарату комиссиясы қабылдаған жылжымайтын мүлкіне қатысты мәміле жасау туралы шешімді келісу.

111. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

13) тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебіне алынған атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі сот актілері бойынша банктің тарату комиссиясы қабылдаған жылжымайтын мүлкіне қатысты мәміле жасау туралы шешімді, сондай-ақ Қағидалардың 83-1-тармағына сәйкес жасалған дауды реттеу туралы келісімнің талаптарын келісу.

Редакциялық түзетулер

8

111-1 тармақ

111-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Қағидалардың 111-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

 

111-1. Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Қағидалардың 111-тармағының 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді тарату комиссиясының төрағасы жүзеге асырады.

Кредиторлар комитеті болмаған, сондай-ақ ол өзінің функцияларын жүзеге асырмаған жағдайда, Қағидалардың 111-тармағының 11), 12)  және 13) тармақшаларында көзделген шешімдерді тарату комиссиясының төрағасы дербес қабылдайды.

Редакциялық түзетулер

9

126 тармақтың 2) тармақшасы

126. Таратылған банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады:

…..

2) бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалаушы(ларды)ны таңдау жөніндегі іс-шараларды өткізу;

 

126. Таратылған банктің мүлкін сату алдында дайындау шараларына мыналар жатады:

2) бағалаушыны таңдау жөніндегі іс-шараларды өткізу;

Редакциялық түзетулер

10

171 тармақ

171. Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, кепілдік берілетін депозиттерді қайтару бойынша міндеттемелерді, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйым бекіткен нысан бойынша және «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабының 3- тармағында белгіленген мерзімде банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша депозиттер бойынша өтеу есебін ұсынады.

Тарату комиссиясы кепілдік беру жөніндегі ұйымға депозиторлардың тізімін, сондай-ақ депозиттер бойынша өтеу есебін беруді қабылдау-өткізу актісін жасап, қағаз және электрондық тасымалдауыштарда жүзеге асырады.

алып тасталсын

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу

11

173 тармақ

173. Қатысушы-банктің тарату комиссиясы депозиторларға өтемақы төлеу бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті есеп айырысуды жасағаннан кейін жіберілген міндеттемелер сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және таратылатын банктің кепілдік беруі бойынша ұйым үшін ашылған тиісті шотқа есепке ала отырып, салымшыларға төленуге тиісті өтемақы мөлшерінде кредиторлар тізілімінің үшінші кезегінде кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.

173. Қатысушы банктің тарату комиссиясы жіберілген міндеттемелер сомасын баланстан бір мезгілде есептен шығарып және оны таратылатын банктің кепілдік беру жөніндегі ұйымның алдындағы міндеттемелерді есепке алудың тиісті шотына енгізе отырып, салымшыларға төленуге тиісті өтемақы мөлшерінде кредиторлар тізілімінің екінші кезегіне кепілдік беру жөніндегі ұйымды енгізеді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеу

Банктерді реттеу департаментінің
Директоры О. Кизатов
Полная версия
ИС BestProfi