«Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) 30-тармақтағы «жариялауға мерзімді баспа басылымдарында» деген сөздер алып тасталсын;
2) 36-тармағында «жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және» жариялауға мерзімді баспа басылымдарында және" деген сөздер алып тасталсын
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші-мемлекеттік орган атауы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
2. Жобаны тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері
Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Заңының 3-бабының 10) тармақшасына және 2019 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
3. Қаржыландыру көзін қоса алғанда, жобаның қаржылық шығындарына және қажет болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының шешіміне (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, түсініктеме жазуға Республикалық бюджет комиссиясының шешімінің көшірмесі қоса беріледі)
Жоба қаржы шығындарын мемлекеттік бюджеттен талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжамды салдары
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе заңды салдарларға әкеп соқтырмайды.
5. Күтілетін нәтижелерге нақты мақсаттар мен мерзімдер
Ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында.
6. Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және / немесе Үкімет актілерінің және оларды іске асырудың нәтижелері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 9 ақпанындағы №633 «Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысы.
7. Заңнаманы оны қабылдаған кезде енгізілетін заңға сәйкес келтіру керек (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер енгізу және / немесе толықтыру қажет), немесе осындай қажеттіліктің болмауы
Жоқ.
8. Халықаралық шарттың ұсынылған жобасын әрі қарай ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат
Қажет емес.
9. Ақпараттық жүйеде беру үшін рұқсат етілетін меншік құқығының тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) жеке ақпараты бар жобаларды қоспағанда, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы үкімет мүшелерінің мобильді құрылғыларына жобалар мен материалдарды беру мүмкіндігі Ведомствоның басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32 қбпү/ 22Қ-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мобильді кеңсесі»
Рұқсат етілген.
10. Қарар жобасы туралы мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (күні, байт саны)
Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық 2019 жылғы 12 қарашадағы ашық нормативтік құқықтық актілердің Интернет-порталында орналастырылған. Байт саны: 10 Кб.
11. Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарларды, қызметтерді немесе зияткерлік меншік құқықтарымен байланысты жобаны орналастыру туралы ақпарат, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулының жобасына баспасөз хабарламасы
Қажет емес.
12. Қарар жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келуі
Қажет емес.
13. Үкiметтiң актiсiн қолданысқа енгiзуiне байланысты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шығындарын азайту және (немесе) ұлғайтуды растайтын есептеулердiң нәтижелерi
Қажет емес.
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген нысаналы субъектілерімен келіспеушілік себептерін негіздеу
Қажет емес.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына Салыстырмалы кесте
|
№ р/с |
Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементі |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеу |
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» қаулысы |
||||
|
3-тарау. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру тәртібі |
||||
|
|
30-тармақ |
30. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мерзімді баспа басылымдары арқылы жарияланады және ол конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
|
30. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурс гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жарияланады және ол конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
|
2019 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру. |
|
|
36-тармақ |
36. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері мерзімді баспа басылымдарында жариялануға және уәкілетті органның немесе конкурс жариялаған салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады. |
36. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері уәкілетті органның немесе конкурс жариялаған салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады. |
2019 жылғы 28 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру. |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов

