Близость слов: Окончание:





«Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес;
2) Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы _______
№ _______ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы _______
№ _______ бұйрығына 1-қосымша
Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесі
1) саяқ шегіртке тұқымдастар (тәлімі жер шегірткесі, кіші айқышты саяқ шегіртке, дала атшығы, Фишер саяқ шегірткесі, саяқ шегірткелер: атбасарлық, ақ жолақты, қанатсыз немесе жаяу, айқышты, сібірлік, далалық, қара қанатты, қара жолақты);
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы _______
№ _______ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы _______
№ _______ бұйрығына 2-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi