Кіріспе алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
2-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, оларды қайта жаңғыртуды, сақтауды және кеңінен танытуды қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаттары болып табылады.