«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 1431 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті туралы ереже
Осы Ереже өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 01.06.2021 жылғы № 513 Бұйрығымен Осы Ереже өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 03.06.2022 жылғы № 549 Бұйрығымен (01.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.07.2022 № 694 Бұйрығына сәйкес (03.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) республикалық бюджеттің атқарылуы мен жергілікті бюджеттердің атқарылуына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына қызмет көрсету саласында және орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 03.10.2025 жылғы № 565 Бұйрығына сәйкес (24.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет республикалық мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 24.05.2024 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия

