Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.12.2022 жылғы № 1116 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның әкімшісіне Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін.
3. Бағдарлама әкімшісі:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ы күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін;
2) жұртшылықтың қатысуымен онлайн режимде "Сұрақ - жауап" форматында тоқсан сайынғы негізде брифинг өткізсін;
3) орындалмау тәуекелі бар объектілер болған жағдайда, оларға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарты жылда бір рет барсын;
4) Бағдарламаны іске асырудан алынған оң нәтижелері туралы әлеуметтік желілер арқылы халыққа сұраунама жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты
|
1. |
Бағдарлама атауы |
Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы |
|||||||||||||||||||||
|
2 |
Әзірлеу үшін негіздеме |
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары. |
|||||||||||||||||||||
|
3 |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
|||||||||||||||||||||
|
4 |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдары |
|||||||||||||||||||||
|
5 |
Бағдарламаның мақсаты |
Тиімді және бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру, транзитті және көлік қызметтерін дамыту, технологиялық және институционалдық ортаны жетілдіру арқылы экономикалық өсуге және ел халқының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу |
|||||||||||||||||||||
|
6 |
Міндеттер |
1. Аумақтарды және олардың арасындағы көліктік байланыстарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету. |
|||||||||||||||||||||
|
7 |
Іске асыру мерзімі |
Бағдарламаны іске асыру алты жыл ішінде 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін жоспарланып отыр. |
|||||||||||||||||||||
|
8 |
Нысаналы индикаторлар |
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізу жоспарлануда: |
|||||||||||||||||||||
|
9 |
Қаржыландыру көздері мен көлемі |
Бағдарламаның іс-шаралары мен жобаларын іске асыруды қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, сондай-ақ 5 559 439 млн. теңге жалпы индикативтік сомада жеке инвестициялар көзделді, оның ішінде:
|
2. Кіріспе
Көлік саласының қызметтері шикізат пен ресурстарды өндіру мен өңдеуден бастап дайын өнімді оның соңғы тұтынушысына, оның ішінде сыртқы нарықтарға жеткізгенге дейін өнімді өндіру мен тұтынудың әрбір дерлік кезеңінде қажет.
Көлік қосылған құн тізбегін және өндірістік шығындарды қалыптастыруға үлкен үлес қосады және осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне және жалпы мемлекет экономикасына елеулі әсер етеді. Бұл ретте көлік саласының жұмыс істеуі халық пен бизнесті жалпыға ортақ пайдаланылатын тиімді және жеткілікті көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етпей мүмкін емес, бұл мемлекеттің тікелей міндеті мен функциясы болып табылады.

