«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 19.12.2020
«Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № ҚР ДСМ-16/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 наурызда № 20131 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 19 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-210/2020 Бұйрығына сәйкес
1. «Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларында:
«3) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті (бұдан әрі – МСАК КЖН кепілдік берілген компоненті) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің есептік құны;
4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК субъектісіне «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – БХТ) тіркелген, МСАК КЖН кепілдік берілген компонентінен және МСАК КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын, бекітілген бір адамға ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;»;
«6) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін ескере отырып, ауыл халқына көрсетілетін МСАК қызметтері кешенінің есептік құны;»;
«8) базалық мөлшерлеме – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек деңгейінде бір емделіп шығу жағдайына есептегендегі медициналық көмек көрсетуге арналған қаржы қаражатының орташа көлемі;»;
«15) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір адамға арналған кешенді тариф – адамның иммун тапшылығы вирусын (бұдан әрі – АИТВ) жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (бұдан әрі – ЖИТС) ауыратын науқастарға ТМККК шеңберінде клиникалық хаттамалар негізінде қалыптастырылатын бір АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және (немесе) ЖИТС-пен ауыратын адамға есептегендегі медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;»;
«15-1) АИТВ/ЖИТС бойынша халықты зерттеп-қарауға арналған тариф – АИТВ/ЖИТС-қа зерттеп-қарау бойынша бір өтініш білдірушіге есептегендегі көрсетілетін қызметтердің құны;
15-2) Достық кабинетіне бір өтініш білдірушіге арналған кешенді тариф – Достық кабинетіне бір өтініш білдірушіге есептегендегі ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер кешенінің құны;»;
«25) психикалық денсаулық орталығының бар бір науқасына арналған кешенді тариф – Кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде тіркелген психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберінде психикалық денсаулық орталығының бар науқастарына медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;»;
Полная версия

