Близость слов: Окончание:





2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 жарлықтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 11 721 910 617 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 6 261 091 551 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 148 669 598 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 4 347 700 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 5 307 801 768 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 161 372 249 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 271 420 571 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 110 048 322 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 171 578 829 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 171 578 829 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы – -2 438 785 333 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 проценті;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -7 537 950 709 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 10,8 проценті;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2 438 785 333 мың теңге.
2. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 836 475 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 817 160 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2020 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн:
Полная версия
ИС BestProfi