«Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 20383 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 жылғы № 314 Бұйрығына сәйкес (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
«Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 06.10.2021 жылғы № 314 Бұйрығымен (13.01.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 13.01.2021 жылғы № 9 Бұйрығымен (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.11.2021 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.10.2022 жылғы № 338 Бұйрығына сәйкес (25.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Көмірсутектер саласындағы жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Көмірсутектер саласындағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге лицензия» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2024 жылғы № 174 Бұйрығына сәйкес (31.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)