Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (16.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (29.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 88) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 07.08.2023 жылғы № 248 Бұйрығына сәйкес (17.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (29.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 жылғы № 472 Бұйрығына сәйкес (06.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Оқуағарту министрінің 27.08.2022 жылғы № 382 Бұйрығына сәйкес (16.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін;
2. «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы №502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердегі мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: