Близость слов: Окончание:





Кейбір дәрілік заттардың қолданылуы мен өткізілуін тоқтата тұру туралы 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 136-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, оған тыйым салу немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес дәрілік заттардың қолданылуы мен өткзілуі тоқтата тұрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2020 жылғы 18  наурыздағы № 18-27-247/402 хаты.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрлігі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
 сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
төрағасының
2020 жылғы 21 сәуірдегі
 № 136-НҚ бұйрығына
​қосымша
Қолданылуы мен өткізілуі тоқтата тұрылуға тиісті дәрілік заттардың тізбесі 

Тіркеу куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Дәрілік заттың атауы (дәрілік нысаны, дозасы)

Өндіруші, елі

Тіркеу куәлігінің иесі, елі

1

ҚР-БП- 5№022385

23.09.2016

Ксеомин,50 бірл. инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Мерц Фарма ГмбХ и Ко.КГаА, Германия

Мерц Фармасьютикалс ГмбХ, Германия

2

ҚР-БП- 5№022386

23.09.2016

Ксеомин,100 бірл. инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

Мерц Фарма ГмбХ и Ко.КГаА, Германия

Мерц Фармасьютикалс ГмбХ, Германия

Полная версия
ИС BestProfi