«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту және «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына және «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту және «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына және «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және ипотекалық ұйымдардың бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру брокерлерінің (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.».
4. «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (ипотекалық ұйымдарды және бұрын еншілес банктер болған заңды тұлғаларды қоспағанда), бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және сақтандыру брокерлерінің (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды қаржы құралдарына, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.»;
5. Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
6. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Полная версия

