Близость слов: Окончание:





Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 мамырда № 20609 болып тіркелді
Редакция 12.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары:
1) «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын, шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 11.01.2023 жылғы № 1/қе Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы «___» ____________
Полная версия
ИС BestProfi