1. «Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9998 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде (бұдан әрі – Біліктілік талаптары):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
1 |
заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен не негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің қолымен мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламент |
өтініш берілген қызметтің кіші түріне бекітілген технологиялық регламенттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*
|
көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді |
»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
2 |
Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі: 1) кіші қызмет түрлері үшін өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) болуы: мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар); мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары; құрлықтағы; теңiздегі; iшкi су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау; кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі); көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалау; көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою; мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту; құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлудi болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар; мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалануға; 2) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – ғимарат немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы |
1) өндірістік базаның /ғимараттың/тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі мен күні; 2) шарттың нөмірі мен күні – /жалға алу/сенімгерлік басқару жағдайында /жалға алу/сенімгерлік басқару дың мерзімін көрсете отырып қамтитын мәліметтер нысаны*
|
мыналар бойынша қызмет үшін талап етілмейді: жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; көмірсутек кен орындары үшін жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік база болған жағдайда (бір жылдан астам мерзімге жалдау/сенімгерлік басқару) ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі «Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінен алынады |
»;
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
1) мұнай, газ, мұнай – газ конденсатын өндіру үшін – негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың (резервуарлар және сепараторлар) болуы
|
негізгі инженерлік құрылыстар мен қондырғылардың атауын (резервуарлар және сепараторлар)**; орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны* |
|
|
2) көмірсутегі кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін: кәсіпшілік зерттеулер үшін – ұңғымалық аспаптар мен жабдықтар (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғылардың (шығырлар);
геофизикалық жұмыстар үшін –ұңғымалық аспаптардың ұңғымалық аспаптары (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғылардың (шығырлар);
сейсмикалық барлау жұмыстары үшін – сейсмикалық станцияның және сейсмикалық барлау жабдықтарының болуы.
|
кәсіпшілік зерттеулер үшін: ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылын, сериялық нөмірін (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғыны (шығырлар); орналасқан жері***; геофизикалық жұмыстар үшін : ұңғымалық аспаптарды дайындаушы зауыттың атауын, маркасын, шығарылған жылы, сериялық нөмірі (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғы (шығырлар); орналасқан жері***; сейсмикалық барлау жұмыстары үшін: сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; орналасқан жері*** қамтитын мәліметтер нысаны* |
сериялық дайындаушы зауыт болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
|
»;
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«

