2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжатты бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжатты бекіту туралы
1. Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжат бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Мырзағалиев
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы «__»_______ № _____ бұйрығымен бекітілді
Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжат
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжат (бұдан әрі – Нұсқаулық) Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау және жедел-өндірістік бөлімшелерін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін арналған:
1) Қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар/ауа райының күрт өзгеруінің туындау қаупі мен фактісі жөніндегі ақпаратты (дауылды ескертулерді/хабарландыруларды) құрастыру және беру бойынша;
2) қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластану жағдайлары туралы ақпараттарды (хабарландыру) анықтау және беру бойынша;
3) қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануын, қауіпті және табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың/ауа райының күрт өзгеруінің салдары туралы мәлімет жинау және ақпарат беру.
2. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау және жедел-өндірістік бөлімшелері байқау пункттері – қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық және экологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті арқылы бақылауды жүзеге асырады.
Полная версия

