Сәтбаев қаласының кейбір көшелеріне атау беру туралы
Сәтбаев қаласының кейбір көшелеріне атау беру туралы Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 47/03 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 61 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3907 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы ", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы " Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласының көшелеріне келесі атаулар:
№ 1 көшеге – Әбсамат Тәжбеновтің есімі;
№ 2 көшеге – Мүслім Нұрышевтың есімі берілсін.
2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.
3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Н. Әбдібеков |
Сессия төрағасы | Н. Иманов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Әбдікеров |
Полная версия