Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 11-бабы 2-тармағының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 109/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде N 3772 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдері бекітілсін.
2. Облыс ауыл шаруашылығы басқармасы:
заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулының ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2014 жылғы "18" сәуір | Д. Тұрғанов А. Мамытбеков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы "18" сәуірдағы № 109/4 қаулысымен бекітілді |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2014 жылға арналған субсидия көлемдері
Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 29.05.2014 № 181/5 (18.04.2014 жылғы редакцияны қараңыз)(жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 28.08.2014 № 293/8 (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс 02.12.2014 № 358/12 қаулыларымен.(жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлігі | Субсидиялау нормативтері, 1 бірлік үшін, теңге | Субсидияландырылатын көлемі (бас, килограмм, дана) | Субсидиялау сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
ірі қара мал шаруашылығы | ||||
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 3 000 | 5 566 | 16 698 |
етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||||
Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу | ||||
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 18 000 | 29 154 | 524 772 |
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 20 000 | 10 089 | 201 780 |
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | ||||
отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 802 | 123 525 |
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан) | бас | 200 000 | 102 | 20 400 |
импортталған селекциялық ірі қара мал (Ресейден, Белоруссиядан және Украинадан әкелінген асыл тұқымды малды қоса есептегенде) | бас | 118000 | 203 | 23 954 |
Сиыр етін өндіру үшін мал азығының құнын арзандату: | ||||
1-деңгей | кг | 220 | 301 000 | 66 220 |
3-деңгей | кг | 170 | 1 266 667 | 152 000 |
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 120 | 780 | 11 700 |
Барлық сомасы | 1 141 049 | |||
сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу | ||||
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы | бас | 20 000 | 7 013 | 140 260 |
Сүт өндіру үшін мал азығының құнын арзандату: | ||||
1-деңгей | кг | 25 | 7 854 560 | 196 364 |
2-деңгей | кг | 15 | 10 066 667 | 151 000 |
3-деңгей | кг | 10 | 10 259 400 | 102 594 |
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу Отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 19 | 2 926 |
Барлық сомасы | 593 144 | |||
жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | ||||
Тағамдық жұмыртқа өндіру үшін азық құнын арзандату: | ||||
2-деңгей | дана | 2,6 | 56 923 077 | 148 000 |
Барлық сомасы | 148 000 | |||
жылқы шаруашылығы | ||||
Мыналарды өндіру үшін азық құнын арзандату: | ||||
қымыз | кг | 60 | 416 667 | 25 000 |
жылқы еті | кг | 92 | 271 740 | 25 000 |
Барлық сомасы | 50 000 | |||
шошқа шаруашылығы | ||||
Шошқа етін өндіруге арналған азық құнын арзандату | кг | 98 | 270 7979,6 | 265 382 |
Барлық сомасы | 265 382 | |||
қой шаруашылығы | ||||
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу | ||||
тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы, асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы | бас | 1 500 | 16 451 | 24 677 |
Мынаны өндіру үшін азық құнын арзандату: | ||||
қой еті | кг | 100 | 178 120 | 17 812 |
Барлық сомасы | 42 489 | |||
Барлығы | 2 240 064 |
Полная версия