"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2020
Тараз қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 5-10 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қарашада № 3216 болып тіркелді
Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 11.12.2020 № 52-8 шешіммімен (07.10.2016 жылғы редакцияны қараңыз). Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған Тараз қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидалары бекітілсін.
2. "Тараз қаласында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 20-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2107 болып тіркелген, 2014 жылдың 30 қаңтарында № 11 (17868) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
А. Сансызбай | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы "Тараз қаласында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы" № 5-10 шешіміне келісім парағы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер
департаментінің басшысы
Т.С. Мәткенов
"____ " ______________ 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Жамбыл
облыстық аумақтық инспекциясының
Полная версия