"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Мұғалжар аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Мұғалжар ауданының Родники селосын Бұлақты ауылы деп қайта атау туралы Бірлескен Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 213 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2008 жылғы 18 маусымдағы № 95 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 шілдеде № 3259 тіркелді
#$Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Мұғалжар ауданының Родники селосы - Бұлақты ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. САҒЫНДЫҚОВ |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Ғ. НҰРЫШЕВ |
Полная версия