Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 375 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 5112 болып тіркелді
Тақырыбы жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.02.2022 № 41 (27.12.2018 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.02.2022 № 41 (27.12.2018 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы " 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 (2016 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3725 болып тіркелді);
2) "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 85 қаулысына өзгеріс енгізу туралы " 2018 жылғы 6 маусымдағы № 161 (2018 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4769 болып тіркелді).
3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялауға жатады және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
______________ В.Бубенко
2018 жылғы __________
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2018 жылғы 27 желтоқсандағы | |
№ 375 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.02.2022 № 41 (27.12.2018 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; 24.05.2023 № 76 қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия