Близость слов: Окончание:





2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында еңбектi қорғау жөнiндегi бағдарлама туралы
Екінші сайланған Атырау облыстық Мәслихаты кезектен тыс ХХII сессиясының шешімі. 2003 жылғы 15 қаңтардағы N№279-II. Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 қаңтарда N 1289 тіркелді
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқарулар туралы" Заңының  6 бабын басшылыққа алып, II сайланған облыстық Мәслихаттың ХХII сессиясы шешiм еттi: 
Атырау облысы әкiмиятының 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 5 қаулысымен ұсынылған 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында еңбектi қорғау жөнiндегi бағдарламасы бекiтiлсiн (жалғанды).
Атырау облыстық мәслихатының қаулысы 
 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 5
 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында  
  еңбекті қорғау жөніндегі Бағдарлама туралы 
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 12 қарашадағы N 285 "2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысы бойынша еңбектi қорғау Бағдарламасын әзiрлеу туралы" қаулысына сәйкес және облыс ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкімият қаулы етеді: 
1. Қоса берiлiп отырған Атырау облысында еңбекті қорғау жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама (әрі қарай - Бағдарлама) мақұлданып, облыстық Мәслихаттың кезекті сессиясының бекітілуіне ұсынылсын. 
2. Атырау қаласы және  аудан әкімдері,  облыстық басқармалар мен департаменттері, жұмыс берушілер (келiсiм бойынша): 
1) Бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз етсін; 
2) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментіне бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын есеп беру тоқсаннан кейінгі келесі айдың 5 жұлдызынан кешіктірмей ақпарат берсін. 
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В.Супрунға жүктелсін.
Облыс әкімиятының
 2003 жылғы 6 қаңтардағы
 N 5 қаулысына қосымша
 2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында  
  еңбекті қорғау жөніндегі бағдарлама 
Бағдарлама атауы  2003-2005 жылдарға арналған Атырау облысында еңбекті 
Полная версия
ИС BestProfi