Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.04.2020
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 қазандағы № 287 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 қарашада № 4133 болып тіркелді.
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.04.2020 № 74 қаулысымен (16.06.2017 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) "Ағаш кесу және орман билетін беру"; Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2) алынып тасталды – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.03.2017 № 79 қаулысымен
 (05.10.2015 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу".
1-тармақ өзгертілді – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.03.2017 № 79 қаулысымен (05.10.2015 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. 2014 жылғы 29 шілдедегі №203 "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3617 тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйектегі "Приуралье" және "Орал өңірі" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын. 
3. "Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 5 қазандағы № 287
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
"Ағаш кесу және орман билетін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі – регламент) 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан мемлекеттік орман иеленушілермен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №18-1/415 "Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 14 шілдеде №11662 тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде тегін көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру.
Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекіткен сүрек дайындау көлемінің, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-20) тармақшасына сәйкес орман иеленушімен келісімделген кеспеағаштарды игерудің технологиялық карталарының болмауы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудан дәлелді бас тарту (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) береді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
Полная версия
ИС BestProfi