Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.06.2023
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 наурызда № 3681 болып тіркелді
Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 22.06.2023 № 29/01 қаулысымен (05.02.2016 жылғы редакцияны қараңыз).(оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Аймаков |
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 3/1 қаулысымен бекітілген |
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланылатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
№ | Азаматтар санаты | Жеңілдіктер мөлшері |
1 | 7 жасқа дейінгі балалар | Тегін |
2 | Көп балалы отбасыларының оқушы- балалары | Тегін |
3 | Балалар үйлерінен оқушы-балалар | Тегін |
4 | Спорт ардагерлері | Тегін |
5 | Оқушылар | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
6 | Студенттер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
7 | Зейнеткерлер | Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік |
*Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.
Полная версия