Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2020
Талдықорған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпанағы N 209 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 20 наурызда N 2625 болып тіркелді
Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 09.09.2020 № 424 шешімімен (02.06.2014 жылғы редакцияны қараңыз). Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" N 704 Жарлығына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
1. Талдықорған қалалық мәслихатының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Тимур Қапасұлы Биғожановқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық
 мәслихатының 2014 жылғы
 26 ақпандағы "Талдықорған
 қалалық мәслихатының
 Регламентін бекіту туралы"
 N 209 шешіміне қосымша
Талдықорған қалалық мәслихатының регламенті
1. Талдықорған қалалық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" N 704 Жарлығына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.
2. Талдықорған қалалық мәслихаты (жергілікті өкілді орган) - қала халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат заңды тұлға құқығын иеленбейді.
3. Мәслихаттың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
2. Мәслихат сессияларын өткізу тәртібі
4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдары бойынша оның құзыретіне жатқызылған мәселелер шешіледі.
Егер мәслихаттың сессиясына тиісті аумақтан мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды. Сессия жалпы отырыс нысанында өткізіледі.
Мәслихаттың шешімі бойынша сессия жұмысында мәслихат белгілеген мерзімге, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын үзіліс жариялануы мүмкін. Сессияның ұзақтығын мәслихат айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi