Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.09.2020
Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/105 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 1281 болып тіркелді.
Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.09.2020 № 3/391 қаулысымен (29.12.2017 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілсін:
1) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру";
2) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру";
3) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру";
4) "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету".
2. Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 2/305 "Алматы қаласында көрсетілетін кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысының (2015 жылғы 20 маусымдағы № 76 "Вечерний Алматы" және № 75-76 "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1172 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ 1/105 қаулысымен бекітілген
"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламенті
1. "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы Алматы қаласының әкімдігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 9-1 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Полная версия
ИС BestProfi